20 жыл бұрын хит әндерімен танымал болған Рахат Тұрлыханов қайтадан жарқ ете қалды
2000 жылдардың бас кезінде бірнеше әні хит болған,бірақ соңғы жылдары көрермен назарынан тыс қалған Рахат Тұрлыханов әлеуметтік желіде жаңа суреттерін бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әнші желіге бірнеше фотоларын бөліскен. Арасына отбасымен түскен суреттері бар. Көпшілік Рахат Тұрлыханов екінші рет үйленгенін жазып жатыр. Негізі оның алғашқы әйелі белгілі саясаткер Болат Әбіловтің қызы. Ал әншінің өзі Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың немере інісі.
instagram.com/rakhat_turlykhanov
"Қартаюды ұмытып кете беретіндердің қатарында-ау", "Бұл оның әйелі әлде қызы ма?", "Екінші әйелі", "Енді дұрыс, бақытты, ғұмырлы бол", "Менің экрандағы алғашқы махаббатым", "Әндеріңіз керемет", "Кезінде әндерін тыңдайтын едік", "Сүйікті әншім", - деген пікірлер бар.
Айта кетейік, ол 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдардың бас кезінде көпшілікке "Асыл әжем", "Зимние ливни", "Азем" атты әндерімен танымал болды.