20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Фото: El.kz
Фото: El.kz
20.12.2022 10:07
1891
Қазгидромет 20 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын, көбінесе қар түрінде, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.
Тек республиканың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста – тұман.
Бөлісу:
