Жаңалықтар

20 жастағы гроссмейстер халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды

20 жастағы гроссмейстер халықаралық турнирде қола жүлдеге ие болды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 04.03.2025 01:33 196

Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Турнирдің соңғы кезеңінде Қазақстанның екі гроссмейстері – Қазыбек Нөгербек пен 24 жастағы Әлішер Сүлейменов өзара кездесіп, тартысты ойын көрсетті.

Спортты дамыту дирекциясы бұл партия турнирдегі ең қызықты кездесулердің бірі болғанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға