Жаңалықтар

20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.
20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден 20.09.2022 08:49 1603

Қазгидромет 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Синоптиктердің мәліметіне қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау, Ақтөбе облыстарының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде өрт шығу қаупі аса жоғары болады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында өрт шығу қаупі жоғары.

Түнде Ақмола облысының шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының батысында 1-3 градус үсік сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға