Жаңалықтар

20 сәуірде Алматыда қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді

20 сәуірде Алматыда қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 19.04.2025 13:54 241

Almaty Half Marathon өткізілуіне байланысты, 20 сәуір күні сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін қалада көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіліп, қоғамдық көлік бағыттарына өзгерістер енгізіледі.

68 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

№1, 5, 6, 7, 9, 11, 12, 19, 25 троллейбустарының қозғалысы сағат 11:30-ға дейін тоқтатылады.

Әр бағыт бойынша уақытша қозғалыс сызбаларын @AlmatyJoly Telegram-арнасындағы тіркелген құжаттан көруге болады.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, жабылған көшелерді айналып өтетін қоғамдық көлікті пайдалануға кеңес береміз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға