Жаңалықтар

2 шілдеге арналған ауа райы болжамы

2 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay.com 02.07.2024 07:19 588

Циклон ықпал етіп, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 2 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында күн күркірейді, нөсер жаңбыр, бұршақ жауады.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең солтүстікте және солтүстік-батыста тұман түседі.

Алматы облысында, Павлодар облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында, батысында, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, Жетісу облысында, Ақмоланың шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облыстарында өрт қаупі жоғары.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Ұлытау облысында, Жамбылдың шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында, Атыраудың батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Қарағанды ​​облысының оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға