2 қарашада Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталады

Фото: Астана қалалық әкімдігі
Фото: Астана қалалық әкімдігі
30.10.2024 15:12
552
2 қарашадан бастап Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайында орналасқан «Koktal» СОО-да ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, келушілер Қазақстанның бірқатар өңіріндегі жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдерді сатып ала алады. Соның ішінде: жаңа піскен көкеністер мен жемістер, сапалы ет, ұн өнімдері және басқа да көптеген ауылшаруашылық өнімдері.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін 2 қарашадан бастап өтеді.
Бөлісу:
