Жаңалықтар

2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: © Pixabay.com 01.01.2024 17:16 1090

«Қазгидромет» РМК 2 қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.

Шымкентте кей уақытта тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с.

Астанада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде облыстың батысында, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік- 

Павлодар облысының бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20, түнде облыстың шығысында 23-28 м/с күтіледі. 

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей уақыттарда 25 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға