2 қабатты ғимараттың жертөлесі өртеніп, 5 адам құтқарылды

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
17.03.2024 10:30
911
Қарағандыда екі қабатты ғимараттың жертөлесінде өрт шықты. Оқиға Қазыбек би ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктердің мәліметінше, жертөледегі ағаш қаптама жанып кеткен.
ТЖД күшімен ғимараттың 2-ші қабатының балконынан үш тізе баспалдақ арқылы 5 адам құтқарылды. Өрт толығымен сөндірілді. Оны сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 7 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды