2 облыста жол жабық тұр - ҚазАвтоЖол

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
19.02.2024 14:28
746
19 ақпан сағат 14.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).
Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)
1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);
Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожоолдарды қысқы күтіп-ұстауға 685 бірлік техника және 1522 адам жұмылдырылды.
Бөлісу:
