Жаңалықтар

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?
Фото: фото: Амангүл Тілейқызы 20.09.2024 20:10 655

Ақмола облысы Ақкөл қаласының Лесхоз елдімекенінде Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі орналасқан. Әсем табиғаттың ортасындағы қонақ үй отандық туризмді дамытып қана қоймай, шетелдік меймандардың қызығушылығын тудыруда. «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ мұрындық болуымен БАҚ өкілдері баспасөз турына барып қайтты, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ өкілдері қонақүйдің жайлылығы мен туристік мүмкіндіктерін аралап көрді. Журналистерге инфрақұрылымы мен қызметтері, сонымен қатар әртүрлі санаттағы нөмерлер, мейрамхана, монша кешені мен конференц-залдар  көрсетілді.

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

 

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

фото: Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Бұдан өзге қонақ үй мен Ақкөл қаласының агротехникалық колледжі меморандумға қол қойды. Тараптар туризм индустриясы үшін кадрларды бірлесе даярлауға ниетті.

Ақкөл қаласы агротехникалық колледжінің директоры Арман Оразовтың сөзінше, студенттер аталмыш мекемеде аспазшы мамандығы бойынша жұмыс істей алады.   

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

фото: Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Бұл меморандум аясында біздің агротехникалық колледждің студенттері өндірістік тәжірибеден өте алады. Болашақта біздің студенттер әрі қарай осы қонақ үйде қызмет етеді деп ойлаймын. Сол себепті бұл үлкен жетістік. Қазіргі таңда колледжде 253 студент бар. Меморандум аясында 20 студент аталмыш қонақ үйде тәжірибеден өтеді, – деді Ақкөл қаласының агротехникалық колледжінің директоры.

Ынтымақтастық студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ. Колледж шәкірттері қонақ үй бизнесінің нақты жағдайында жұмыс жасап, тәжірибе алады.

Басқарушы компанияның директоры Мадина Ержанның айтуынша, бұл жер тыныштықты сүйетін қонақтарға арналған. Ерекшелігі, мұнда істейтін қызметкерлердің 95 пайызы Ақкөл қаласынан. 90 жаңа жұмыс орны құрылған, оның 95% - ы жергілікті ауылдар мен Ақкөл тұрғындары.

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

фото: Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Яғни, біз бір жағынан тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Шетелдіктер келіп, демалып кетіп жатады. Көбінесе солтүстік өңірлерден қонақтар көп келеді. Қонақ үйдің бір күндік номеріне таңғы ас, клиникадағы негізгі процедуралар кіреді, – деді Мадина Ержан.

Сондай-ақ келген меймандар қонақүйде демалып қана қоймай, диагностикадан өтіп, талдау нәтижелерін ала алады.

Сауықтыру бойынша мына қызмет түрлерін ұсынуда:

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

 

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

фото: Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

- «Лотос» диагностикасы (жүрек қағысының өзгеруі) – энергия айналымын қалпына келтіруге арналған дербес таңдалған медитация және ресурстық күйге жетуге бағытталған биологиялық кері байланысы бар тыныс алу тренажері;

- денені биоимпедансты талдау және ағзаның морфологиялық, физиологиялық параметрлерін бағалау;

- поляризацияланған жарықпен емдеу терапиясы;

- биоэнергетикалық массаж;

- аskona креслосында массаж;

- фитобар және оттегі коктейльдері.

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

фото: Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Сондай-ақ қонақүйде оқушы балалар салған суреттердің теңдессіз галереясы ашылған. Келген әрбір қонақ солардың бірін сатып алып, қолдау көрсете алады. Картина сатылымынан түскен барлық қаражат еліміздің шалғай аудандарында тұратын оқушылардың шығармашылығын дамытуға жұмсалмақ. 

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

 

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

фото: Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Айта кетейік, қазіргі уақытта TÖR’RE компаниясы туристік индустрияға бюджет қаражатын тартпай-ақ 13,5 млрд теңгеден астам жеке инвестиция салды. Бүгінде компания Ақкөл ауданының жаңа курорттық аймағын дамытуда.

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

2 мыңнан астам туристі қабылдаған Ақкөлдегі қонақ үйдің әлеуеті қандай?

фото: Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ

Қазіргі таңға дейін қонақ үй 2 мыңнан астам туристі қабылдаған. Компания The Village by Wyndham Residences Aqkol брендімен 53 коттедж мен 40 қонақ үй салу арқылы жобаны кеңейтуді жоспарлап отыр. Жалпы жаңа жобалардың инвестиция сомасы шамамен 13 млрд теңгені құрайтын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға