Жаңалықтар

+2. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

+2. Алдағы күндері ауа райы қандай  болады?
Фото: pixabay.com 11.12.2024 13:40 2071

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің айтуынша, республиканың басым бөлігі Солтүстік циклонның ықпалында болады, соның салдарынан тұрақсыз ауа райы күтіледі. Батыста қар, бұрқасын, екпінді жел күтіледі, 13 желтоқсанда күндіз, 14 желтоқсанда тәулік бойы оңтүстікте, 14 желтоқсанда оңтүстік-шығысында-жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.

Түнде ауа температурасының төмендеуі еліміздің батысында ғана 0-8 градус аязға дейін болжанады, қалған аймақтарда ауа температурасының түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 3-10 градус аязға дейін, Қазақстанның орталығында 5-13 градус аязға дейін, шығыста 10-20 градус аязға дейін, республиканың оңтүстік-шығысында 0-10 градус аязға дейін, оңтүстік облыстарда 8 градус аяз болады және 2 градусқа дейін жылынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға