1 шілдеде халықаралық ақындар айтысы өтеді
Фото: vechastana.kz
Фото: vechastana.kz
20.06.2022 19:33
1926
Шілденің 1 күні Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай елді мекенінде халықаралық «Алтайдай жер қайда?!» ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды El.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Халқымыздың ұлттық құндылығына айналған өнер додасына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз, Моңғолияның айтыскер ақындары қатысып, бақ сынайды.
Елімізден Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртай, Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Қазірет Бердіхан, Жарқын Жұпархан, Серік Қуанған, Ардабек Ақбаба сынды от ауызды, орақ тілді ақындар қатысады.
Ақындардың өнеріне Алмас Ахметбек, Ұлықбек Есдаулет, Серік Құсанбаев, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Кәмел Жүністегі қазылық етеді.
Айтысты белгілі ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оңтүстік өңірден 60-қа жуық қарасора плантациясы анықталды
Келесі жаңалық
Түркістан облысында жылына мың тонна банан өсіріледі