Жаңалықтар

19 қыркүйек - Күлегештің туған күні

Смайлик туралы қызықты 10 дерек
19 қыркүйек - Күлегештің туған күні
18.09.2017 18:13 3947

Күлегештер немесе смайликтерсіз қазіргі заманауи ақпараттық қатынастарды елестету мүмкін емес. Осынау көңіл-күйлік таңбаларды біз жиі пайдаланамыз. Смайликтің де туған күні бар. Біз осыған орай смайлик туралы 10 деректі назарыңызға ұсынып отырмыз.

 

  Смайлик – ағылшын тіліндегі smiley – «күлімсіреген» немесе бақытты бет бейне деген ұғымнан шыққан. Демек, смайлик әу баста бақытты бет пішінді бейнелейтін, стильдендірілген графикалық бейне болғанымен, біртіндеп алуан түрлі сезімдерді білдіру мүмкіндігіне ие болған. Смайликтер IBM PC алғашқы компьютерлері символдар жүйесінің баспа нұсқасы болып саналды және қазіргі барлық компьютерлер жүйесінде бар.

 

 

  Пиктогарммалық белгілер – қазіргі жазудың ең алғашқы бастауы дейтін болсақ, смайликтерді адамзат баласы тым ерте пайдалана бастады деуге негіз бар. Оған дәлел -  Түркия археологтары 2017 жылдың 19-шілдесі күні Газиантеп уәлаятының Сириямен шеаралас Қарақамыш көне қаласының қирандысын қазу барысында бұдан қырық ғасыр бұрын жасалған, шәрбат құюға арналған қыш құмыра тауып алған. Оның бетінде көңіл күйді білдіретін смайлик болған.

 

  Көне ацтектер мен инктер, африкалық тайпалар көңіл-күйді білдіретін бетперделерді кеңінен қолданған. Мұндай үрдіс Еуропада да болған екен. Чех музыканты Эрвин Шульгоф өз шығармаларында көңілді, көңілсіз смайликтерді қолданған делінеді. Тұтқаны күлкі белгісі ретінде алғаш американдық орыс жазушысы Владимир Набоков пайдаланған екен. Мен күлкіні білдіретін, шалқасынан жатқан, имек тұтқа тәрізді бірдеңе, әйтеуір арнайы типографиялық таңба болу керек деп санаймын, сол үшін де бұл бегіні сіздің сұрағыңызға жауап ретінде қояр едім», - деген екен Олден Уитменмен сұхбатында. 

 

 

 Смайликтерді алғаш қолданған халықтардың бірі – қазақтар. Оған дәлел – «Ою хан мен Жою хан» атты қазақ ертегісі мен қазақ оюлары. Ертеде қазақ қыздары тұрмысқа шыққан соң, өзінің төркініне ұзақ уақыт бармайтын болған. Сол кезде өзінің тұрмыс-жағдайын, көңіл-күйін орамалға кестелеп, ата-анасына жіберетін болған.

 

 1789 жылы АҚШтың Юта штаты тұрғыны Энтони Сэмайел алғаш рет әйеліне хат жазғанда ренішті көңіл күй белгісін, содан соң өз суретін қойған екен. Бұл да смайликтің қолданысы туралы алғашқы деректің бірі.

 

 1982 жылы 19 қыркүйек күні АҚШ-тың Пенсильвания штаты, Карнеги-Меллон университетінің профессоры Скотт Эллиот Фалман хат жазу кезінде жағымды көңіл күйді білдіретін таңбалар үйлесімін алғаш қолданғаннан бері смайлик электронды хаттың ажырамас бөлігіне айналды.

 

  1971 жылы француз журналисі Франклин Лауфрани смайлик белгісін өз елінде тауар белгісі ретінде тіркеген екен. Ол Smiley Licensing Corporation, Ltd атты компания құрып, Біріккен Корльдік пен Еуропада сатылым барысында күлімсіреген бейне қолдануды лицензиялау және насихаттауды жолға қояды. Қазірде бұл компания  әлемнің жүзден астам елінде ондаған тауарлар мен қызметтер барысында смайликтерді қолдануды реттеп отыр.

 

 

   АҚШ дизайнері Харви Болл заманауи смайликті қолданушылардың бірі. 1963 жылы смайлик жасады.Отставкаға шыққан офицер ақыры көздеген мақсатына жетіп, 1999 жылы  World Smile Corporation атты жеке компаниясын құрды. Қайырымдылық мақсаттағы қаржыландыру мақсатындағы бақытты бейнелерді лицензияландыруды жүзеге асыратын бұл компания қазір әлем бойынша табысты қызмет етіп жатыр. Бүкіләлемдік Болл күлкісі күнін де бұл компания қаржыландырады. Аталған компания игі істердің қолдаушысы ретінде танымал.

 

 

 Смайликтердің бір туысы – эмотикондар. Эмотикондар (ағылшын тіліндегі emoticon emotion icon – эмоциялы белгішелер) – түрлі типогарфиялық белгілерді қолдана отырып, көңіл күйді бейнелейтін пиктограммалар. Бұл әсіресе, ғаламторда және хабарламалар жазғанда жиі қолданылады. Эмотикондар арқылы айтылған ойдың экспрессивтік-эмоционалдық бояуы барынша қанық бола түседі. 1998 жылы жапондық Шигетака Курита эмодзиді алғаш пайдаланды. Э – «сурет», модзи – «белгі», яғни сурет пен таңба-белгілерді қатар қолдану арқылы көңіл-күйді білдіру мүмкіндігі туған болатын.

 

  Барша әлемге ортақ таңба-белгілер болғанымен, эмотикандарға қарағанда, смайликтердің ұлттық сипатқа да ие екенін айту жөн. Ғаламтор желісінде 2012 жылдардан бастап қазақша смайликтер пайда бола бастады. Оны Қытайдағы қазақ жастары алғаш қолданған екен. Қазіргі күні ұлттық нышандағы смайликтердің түр-түрі қолданыста жүр.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға