1991 жылғы жігіт вице-министр атанды
Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
Фото: дереккөз
Фото: дереккөз
01.09.2022 21:37
2315
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Камиль Ерғалиұлы Ақатов Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды EL.KZ.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Камиль Ақатов 1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Вуллонгонг университетін (БАӘ), Қазақ технология және бизнес университетін, Astana IT University-ді тәмамдаған.
2015-2016 жылдары — «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ Жобалау департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2016-2022 жылдары «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да бас менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, департамент директоры болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Qazinnovations» иновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қаржы вице-министрі тағайындалды