19 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Фото: Х/@TheMorningLK
Фото: Х/@TheMorningLK
24.07.2024 16:00
1731
24 шілдеде Катмандуда Saurya Airlines әуекомпаниясының ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 19 адам болған. Әуе кемесі аспанға көтерілу кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, кенеттен аударылып, қанатының ұшы жерге тиген. Осыдан кейін борт бірден өртеніп, Buddha Air Ангары мен радиолокациялық станция арасына құлаған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция мен әскерилер жіберілді. Олар 37 жастағы кеме капитанын ұшақ бөлшектері арасынан аман алып шықты. Қалған 18 адамның мәйіті табылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық жастар тұрғын алаптан бір тоннаға жуық қоқыс жинады
Келесі жаңалық
Қазақстанда Сібір жарасының жиілігі екі есе төмендеді