19 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
19.10.2022 08:21
1631
Қазгидромет 19 қазан күнгі күн райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды EL.KZ.
Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 19 қазан күні атлантикалық циклон ойпатының ықпалымен және атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады (жаңбыр, қар), Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында күндіз нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады.
Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында антициклон сілемінің әсерінен күн жауын-шашынсыз болады.
Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 23-25 метрге дейін күшейюі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл басынан бері 72 ұйым лицензиясынан айырылды
Келесі жаңалық
Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты