Жаңалықтар

19 қаңтарда Астанада православ христиандарының мерекесі өтеді

19 қаңтарда Астанада православ христиандарының мерекесі өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі 19.01.2024 02:42 263
Астанада барлық шіркеулерде «Крещение Господне» мерекелік ғибадат ету рәсімі өтеді, Есіл өзенінің жағасына дейін салтанатты шеру (Крестный ход) ұйымдастырылады. Мерекелік шара 19 қаңтарда сағат 11:00 Константино-Еленинск соборынан басталады және өзен жағасында аяқталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Крещение Господне - Православиелік шіркеудің басты мерекелерінің бірі. 18-19 қаңтарда Успен кафедралдық соборда (Күйші Дина к-сі, 27), Константино-Еленинск соборында (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровский шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) дәстүрлі құдайға құлшылық ету рәсімі өтеді», делінген хабарламада.

Шаралар 18 қаңтарда мереке қарсаңында сағат 8-де басталып, сағат 17.00 жалғасады. 19 қаңтарда ғибадат ету рәсімі барлық шіркеулерде таңғы сағат 8.00 басталады.

Сонымен қатар, Есіл өзенінің жағалауында Кенесары хан ескерткішінің жанында және Самал шағын ауданына қарсы шомылуға арналған орындар дайындалады. Осыған байланысты құтқарушылар шынығу тәжірибесі жоқ балаларға, адамдарға, денсаулығы нашар жасы үлкен кісілерге, сондай-ақ мас адамдарға суға түсуге болмайтынын ескертеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға