Жаңалықтар

18 шілде – АҚШ-та ұлттық хот-дог күні

Білгенге маржан
18 шілде – АҚШ-та ұлттық хот-дог күні
18.07.2018 14:56 7041

АҚШ бүгін ұлттық хот-дог күнін мерекелеуде. АҚШ бұл күнді мереке ретінде  1957 жылы Сауда палатасының мақұлдауымен ресми бекіткен болатын. Ал, 1994 жылы өнім сапасы, дәмі  және жарнамасымен айналысатын Ұлттық хот-дог және сосиска кеңесі құрылды. Кеңеске мүше болған белсенді жандар хот-догпен сосисканы ұнататындарға арналған жарыс өткізіп тұрады.

Назарларыңызға хот-дог туралы бірнеше қызықты дерек ұсынамыз:

Бүгінде хот-дог америкалықтардың ең сүйікті тағамына айналса да, АҚШ-қа ол Германиядан келген.

«Hot Dog» деген атаудың аудармасы туралы бірнеше даулы пікір бар. Тікелей аударса «Ыстық ит» деп аударылады. 1884 жылы сосиска өндірушілер өнімдеріне «dog» деген атау бергендіктен, тұтынушылар күманмен қарап, сосисканың ішіне иттің еті салынуы мүмкін деп топшылады.

Ал, осы «Hot Dog» деген толық атауды карикатурист Томас Алоиий ойлап тапты. Осылайша бұл атау халық арасында кең етек жайып, тарап кетті.

1906 жылы тоқаштың арасына салынған сосисканың бағасы 3 цент болған екен.

Хот-догтың 50 шақты түрі бар. АҚШ-тың әр штатында өз «фишкасы» бар. Мәселен, Калифорнияда таяқша кигізілген ерекше хот-догтар сатылады.

Хот-дог – жылдам тіске басар тағам. Сондықтан да Нью-Йоркте хот-догты отырып жейтін бірде-бір мекеме табу қиын. Дәстүр бойынша оны түрегеліп тұрып, кез-келген жерде жей береді.

Американың бұрынғы президенті Барак Обама хот-догты сүйсініп жейтіндер қатарында. Ол осы бір қасиеті үшін үнемі отандастары тарапынан компьютерлік ойындардағы хот-дог сүйер кейіпкер ретінде күлкіге қалып жүреді.

Әлемдегі ең ұзын хот-догтың ұзындығы 60 метрді құраған. Бір қызығы әлемдік рекорд орнатып, көптің таңдайын қақтырған осы бір керемет туындыны америкалық кулинарлар емес, жапондықтар жасаған екен.

Ең қымбат хот-дог 2010 жылы 69 долларға сатылды. Hot Dog Day (Хот-дог күні) күні шеф-аспазшы Джо Кальдеронс арасына фуа-гра салып (үйректің бауыры) әзірлеген. Кейіннен бұл бағаны артқа тастап, жаңа рекорд орнатқан аспаз болды. Ол өз өнімін 145, 49 долларға саудалап, рекордтар кітабына енді.

Аз ғана уақытта талай хот-догты асайтын чемпион Джои Чеснат екенін білесіз бе? Ол 10 минутта 69 бөлке тоқаш пен сосисканы қылғытып, рекордтар кітабына енген мешкей.

Ал, әйелдер арасында Соня Томас жеңімпаз. Ол 10 минутта 36 хот-дог жегені үшін топ жарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға