18 желтоқсанда елдің 4 облысында күн күрт суытады
Сол себепті синоптиктер ескерту жариялады
18 желтоқсанда елдің 4 облысында күн райы күрт суытады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
18 желтоқсанда Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Орал қаласында күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады деп болжанып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.
