Жаңалықтар

18 жастағы қазақстандық Соня Жиенбаева Мадридте чемпион атанды

18 жастағы қазақстандық Соня Жиенбаева Мадридте чемпион атанды
Фото: ҚТФ баспасөз қызметі 30.09.2024 08:28 391

18 жастағы Соня Жиенбаева Мадридте өткен теннис турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық спортшы Соня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінде топ жарды. 

Соня Жиенбаева финалдық кездесуде үш сетте де ұлыбританиялық Элис Гилланнан 6:1, 5:7, 6:1 есебімен ұтты. Бұған дейін турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын жеңген болатын.

Айта кетейік, бұл Жиенбаеваның ересек әйелдер турындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін қазақстандық спортшы Анталияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға