Жаңалықтар

18 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды

18 мыңға жуық қазақстандық банкрот деп танылды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 05.11.2024 15:00 364

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов 18 мың қазақстандық банкрот деп танылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, қарыз сомасы бойынша шектеулер жоқ.

Бізде орташа сома бірнеше мың теңгеден 2 миллиард теңгеге дейін ауытқиды, бұл ең үлкен сома болды, - деді Сейілжан Ахметов ОКҚ брифингінде.

Елімізде банкронтыққа өтінімді көбінесе ер адам береді – 53%, әйелдер – 47%. Өтінім бергендердің орташа жасы – 40-42 жас.

Бүгінге дейін жеке тұлғаны банкрот деп тану бойынша 131 мың өтініш қаралды. Тізімнің көш басында оңтүстік өңірлер тұр: Алматы облысы, Алматы қаласы, Жамбыл және Түркістан облыстары, - деді Ахметов.

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілінің айтуынша, банкрот деп танылғандардың жалпы қаразы шамамен 54 млрд теңгені құрап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға