Жаңалықтар

1,8 млрд теңге: Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін сатып алушы табылмады

1,8 млрд теңге: Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін сатып алушы табылмады
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі 25.02.2025 13:40 138

Астанада қайтарылған активтерді басқаратын компания Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің тәркіленген зәулім үйін сатылымға шығарған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 ақпан күні сағат 10:00-де жоспарланған аукционда бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге болатын үйді сатып алуға ешкім ниет білдірмеді.

Сатып алушылардан 117,9 млн теңге көлемінде кепілдік жарна талап етілген. Алайда, көрсетілген талаптарға сәйкес келетін сатып алушы табылмады.

Зәулім сарайдың орналасқан мекенжайы — Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-ғимарат. Үйдің жалпы ауданы — 2877,7 шаршы метр, оның ішінде тұрғын ауданы 347,2 шаршы метрді құрайды. Сонымен қатар, сарайдың жалпы жер аумағы 0,9475 гектар және қосымша 0,2713 гектар жер телімімен толықтырылған.

Сатылымға үйдің өзімен қоса, жиһаздар, заманауи электронды техника, өнер туындылары және кәдесыйлар да қойылған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға