Жаңалықтар

17 мемлекеттің спортшыcы Олимпиада медалін алып үлгерді

17 мемлекеттің спортшыcы Олимпиада медалін алып үлгерді
06.02.2022 19:14 2211

Бейжің Олимпиадасындағы жарыстар күн өткен сайын қыза түсуде. Prosports.kz қай ел қанша медаль алғаны туралы кесте жасаған, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Әр елдің сайыпқыран спортшылары ел қоржынына медаль салуға қызу кірісті. Әр жарыс тартысты өтуде. Қазір 17 мемлекеттің спортшылары өз елдеріне Олимпиада медальдарын сыйлап үлгерді. Әзірге медаль алу жағынан Норвегия көш басынан түсер емес. 

Оларда 2 алтын, 1 қола бар. Екінші орында 2 алтын медалы бар Швеция келе жатыр. Ал үздік үштікке 7 орында тұрған Ресей құрамасы көтерілді. Олардың еншісінде 1 алтын, 2 күміс, 1 қола барлығы 4 медаль бар. Бүгін Ресей құрамасына алғашқы алтынды шаңғымен жарысудан ерлер арасындағы сайысында Александр Большунов сыйлады.

baq.kz


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға