Жаңалықтар

«17 жылдан кейін еліміз сусыз қалуы мүмкін». Депутат сапалы ауыз су мәселесін көтерді

«17 жылдан кейін еліміз сусыз қалуы мүмкін». Депутат сапалы ауыз су мәселесін көтерді
Фото: parlam.kz 20.12.2023 12:38 1243
 
Депутат Еділ Жаңбыршин соңғы жылдары су шығындары 48 пайызға өскенін және бұл қауіпті жағдай екенін айтып, сапалы ауыз сумен қамту мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
 
Депутат еліміз трансшекаралық су ресурстарына өте тәуелді және шөлейтті мемлекет. Қазақстан жылына табиғаттан 25 миллиард текше метр су ресурстарын алатынын айтты. 
Оның 25 миллиарды тұтынуға кетсе, қалған 4 миллиарды су шығындар далаға кетіп жатыр.Соңғы жылдары су шығындары 48 пайызға өскен және бұл өте қауіпті жағдай. Бұл жөнінде мемлекет басшысы 2040 жылға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтты. Аталған тапшылық цифр қазіргі таңда елімізде алынатын су қорының 60 пайызын құрап отыр. Болашақта осы су тапшылығы орын алса, 17 жылдан кейін еліміздің көп өңірлеру сусыз қалу мүмкін. Жағдай қазірдің өзінде мәз емес, – деді депутат.
Бұл ретте мәжілісмен су мәселесі бойынша жүйелі проблемаларға тоқтала кетті.
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мәселесі 20 жылдан бері толық шешілер емес. Біз әртүрлі бағдарламаларды қабылдауға мықтымыз, қатырамыз оны. Мәселен 2002, 2010 жылы «Ауыз су», 2011, 2020 жылдары «Ақбұлақ», 2020-2025 жылдарға арналған Өңірлерді дамыту және Нұрлы жол» сияқты бес бағдарламаға бюджеттен 1,5 триллион теңгені нақты бөлдік. Бірақ әлі күнге дейін 51 пайыз ауыл таза суға қол жеткізе алмаса, 32 пайыз ауылда орталықтандырылған су жүйесі жоқ. Қыстың күні қырауда қол арбамен су таситын ауылдар жетерлік, – деді депутат Еділ Жаңбыршин.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға