Жаңалықтар

17 жастағы жігіттің өлімінен соң Францияда тәртіпсіздік басталды

17 жастағы жігіттің өлімінен соң Францияда тәртіпсіздік басталды
Фото: Видеодан кадр 30.06.2023 09:18 823

Сәрсенбі күні Францияның бірқатар қаласында жаппай тәртіпсіздік басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Париж, Тулуза, Ренн, Бордо, Марсель және өзге қалалаларда полициямен қақтығыс жүріп жатыр. 17 жастағы жасөспірім полицияның бұйрығына бағынбай, тоқтаудың орнына қашып кетуге ұмтылған. Осыдан соң полицей оған оқ атып, ол көз жұмды. Ал тәртіп сақшысы сот үкімі шыққанға дейін қамауға алынды. Оған байқаусызда адам өлтірді деген айып тағылды. Полиция қызметкері жас жігіттің талапқа бағынбағанын айтты.

Қақтығыстан оннан астам полиция жарақат алып, ел бойынша жүздеген адам ұсталды. Дүкендер тоналған.

Оқи отырыңыз:

Көлік терезесін сындырып, қоқан-лоқы көрсеткен жүргізуші ұсталды

Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының шетелдегі активтері қайтарыла ма? Бас прокуратура жауабы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға