17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
![17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады 17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады](/storage/storage/element/2023/07/15/mainphoto/59637/1200xauto_AzTaaNpK34BaabJPfRP551vWXnfwourPZ3cTOUDr.png)
Фото: bolashak.gov.kz
Фото: bolashak.gov.kz
16.07.2023 08:21
819
«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.
Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.
Оқи отырыңыз:
- Астанада балалы ер адамға соққы жасаған Бейбіт Шүменовтің әйелі АҚШ елшілігінен көмек сұрады
- Нәзік жанды ару кеншілермен иық тіресе еңбек етіп жүр
Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:
- квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
- Өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.
- тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды