Жаңалықтар

17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: El.kz 21.02.2023 20:42 985

Қазгидромет 22 ақпанда көптеген өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.

Астана қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.Жолдарда көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыс бағыттан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батыс жартысында, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болжанады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады. Желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.

Қостанай облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, таңертең және күндіз 22, тәулік бойы 23 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға