Жаңалықтар

163 км жылу желілерін жаңғыртуға 92,5 млрд теңге қарастырылған

163 км жылу желілерін жаңғыртуға 92,5 млрд теңге қарастырылған
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 20.08.2024 11:14 336

Биыл 163 км жылу желілерін жаңғыртуға республикалық бюджеттен 92,5 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 109 км жылу желілерін жөндеуге берілетін нысаналы трансферттер есебінен 68,6 млрд теңге бөлінді, 54 км реконструкциялауға шамамен 23,9 млрд теңге Үкімет резервінен жіберілді. Сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары есебінен жалпы сомасы 16,6 млрд теңгеге 68,8 км жылумен жабдықтау желісін қайта жаңарту жоспарланған.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарға қаржыландыру жоспарына сәйкес сәуір айынан бастап 92,5 млрд теңгенің 37,5 млрд теңгесі аударылды. Бұл ретте жылумен жабдықтаудың 63 жобасының 8 жобасы бойынша жұмыс аяқталып, 51 жоба бойынша желілерді төсеу басталды, 82 км жол салынды, — деп мәлімдеді Қанат Шарлапаев.

Осы жылдың 12 тамызынан бастап өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ТКШ және әлеуметтік сала объектілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша кешенді тексеру жүргізуде.

Әкімдіктер үшін өңірдегі жүргізіліп жатқан жұмыс бойынша бақылау мерзімдері белгіленді:

- қыркүйек айының соңына дейін жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын аяқтау;

- 1 қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің, 15 қазанға дейін – денсаулық сақтау, ТКШ және тұрғын үй қорының объектілерінің толық дайындығын қамтамасыз ету қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға