16 желтоқсанда халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мәлім етті
Фото: egov.kz
Фото: egov.kz
15.12.2022 11:32
1117
16 желтоқсан күні Қазақстан бойынша бүкіл халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚО-лары жұмыс істемейді. Бұл ретте кезекші ХҚО-лар мен арнайы ХҚО-лар тек 17 желтоқсан, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз», - делінген хабарламада.
Ал 19 желтоқсаннан бастап халыққа қызмет көресту орталықтары әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді
Бөлісу:
