Жаңалықтар

16 жастағы жасөспірім бүкіл отбасын қырып салды

16 жастағы жасөспірім бүкіл отбасын қырып салды
Фото: iStock 17.12.2024 09:23 2051

АҚШ-та Нью-Мексиколық 16 жасар жасөспірім тұтқындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ата-анасын, бауыры мен әпкесін атып өлтірген, артынша мас күйінде 911-ге қоңырау шалып, төрт адамды өлтіргенін мойындаған.

Штаттың құқық қорғау органдары жасөспірімнің "қатты мас күйде" болғанын мәлімдеді. Полицейлердің айтуынша, үйдегі ас үй үстелінен мылтық табылды, сол маңайда қайтыс болған отбасы мүшелерінің де мүрдесі жатты. Күдіктінің қолынан әкесі, анасы, әпкесі мен інісі мерт болған.

Болжамды өлтіруші есін жию үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, содан кейін Альбукеркедегі кәмелетке толмағандарға арналған түрмеге қамалды, – деп хабарлады билік.

Штат полициясы жасөспірімнің бұл әрекетке неліктен барғанын анықтауда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға