Жаңалықтар

16 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

16 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: El.kz 16.08.2024 06:22 722

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 16 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым  бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, бұршақ және дауылмен жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, елдің орталығында тұман болады.

Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау,  Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарының шығысында, Қарағанды облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Маңғыстау облысының  батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл,  Ұлытау және Жетісу облыстарында, Атырау облысының  оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға