16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
16.11.2024 08:22
487
Синоптиктер болжамынша, ел аумағының көп бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон сілемі әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, - делінген хабарламада.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстігінде төменгі бұрқасынмен, батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында тұман күтіледі.
Бөлісу:
