16-0: Қазақстан өзбек көкпаршыларына бірде-бір салым салдырмады

Фото: Мақсат Шағырбай
Фото: Мақсат Шағырбай
09.09.2024 12:12
640
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстан көкпаршыларын 16:00 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші таймда қазақстандық көкпаршылар 8:0 есебімен алға шықса, ал екінші таймда есепті 16:00-ге жеткізді.
«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі.
Финалдық ойындар 12 қыркүйек күні «Qazsport» телеарнасынан тамашалуғк болады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ербол Мырзабосынов ресейлік әріптесімен кездесті