Жаңалықтар

15 жастағы қызды жүкті қылған Абай облысының тұрғынына сот үкімі шықты

15 жастағы қызды жүкті қылған Абай облысының тұрғынына сот үкімі шықты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 02.08.2023 11:44 1216

Абай облысы Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде 15 жастағы қызбен қарым-қатынасқа түскен азамат 2 жылға бас бостандығынан шектетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияның дерегінше, 21 жастағы Сергей мен 15 жастағы Лена (есімдері өзгертілген) әлеуметтік желіде танысып, ұзақ уақыт сөйлесіп жүрген. Бір-бірін ұнатқаннан кейін олар кездесе бастаған, ата-аналары олардың қарым-қатынасына қарсы болмаған. Олардың кездесулерінің нәтижесі 15 жастағы Лена жүктілігіне алып келген. Ленаның жүктілігі туралы білгеннен кейін, екі жақтың ата-аналары қыздарының 16 жасқа тола салысымен балаларды бірден үйлендіруге келіскен. Алайда, мектеп медбикесі Ленаның жүкті болғанын біліп, аудандық полиция бөліміне хабарласқан.

Оқи отырыңыз:

Осы тарапта ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша 16 жасқа толмаған азаматтармен жыныстық қатынас үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталған баппен Сергей қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сот барлық жағдайларды және жәбірленуші мен оның заңды өкілдерінің оған ешкандай наразылығының жоқтығын және оны жазаламауды сұрамағанын ескеріп, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады, - деді полиция басқармасынан.

Қазіргі уақытта ол Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде тұр. Пробация қызметі оған Лена мен баланы қамтамасыз ету үшін жұмысқа орналасуға көмектесті. Сонымен қатар оны тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріп отырады, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды зерттейді, әңгімелесулер жүргізеді. Жақында ғана Сергей мен Лена ұлды болды. Сергей өзінің іс-әрекеті үшін барлық жауапкершілікті түсініп, Ленаға барлық жағынан көмек көрсетіп, үлгілі отағасы болуға тырысып жүр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға