15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтықтан білім алатыны рас па

Фото: pexels.com
Фото: pexels.com
23.08.2024 14:03
1952
Мессенджерлерде «15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан білім алады» деген ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдері бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
Ведомство хабаралуынша, жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі.
Қаулыға сәйкес, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Бетперде режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі, - делінген хабарда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды