Жаңалықтар

1,5 мыңнан астам Құлсары тұрғыны өтемақы алды

1,5 мыңнан астам Құлсары тұрғыны өтемақы алды
Фото: Атырау облыстық жедел штаб 31.05.2024 20:17 924

Құлсарының 1,5 мыңнан астам тұрғыны үйлерін қалпына келтіру мақсатында бөлінген өтемақыны алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сармановтың айтуынша, барлығы 1719 адам өтемақы алу туралы шартқа қол қойды, 1543 тұрғынның жеке шоттарына өтемақы түсті. 850 тұрғынға жаңа тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, 693 тұрғынға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін өтемақы берілген. Сондай-ақ, Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 үйдің құрылысы жалғасуда. Әр үйдің ауданы 100 шаршы метрді құрайды.

ТЖ жөніндегі облыстық жедел штабтың мәліметіше, жоба бойынша үй 5 бөлмеден тұрады. Оның ішінде ас үй, екі жатын бөлме, қонақ бөлме және жуынатын бөлме бар. Үйдің құрылысын салуға жергілікті компаниялар жұмылдырылып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға