Жаңалықтар

«1,5 мың шақырым жолда шектеулер енгізілген»: жүргізушілерге ескерту жасалды

«1,5 мың шақырым жолда шектеулер енгізілген»: жүргізушілерге ескерту жасалды
Фото: t.me/POLICE_of_K 13.02.2025 21:08 101

ІІМ өкілдері ауа райына байланысты жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік өкілі 10 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілгенін еске салды.

Құрметті азаматтар! Жол қозғалысының қатысушылары! Ауа райының нашарлауына байланысты қазіргі уақытта алты облыстың 10 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілді. Жалпы республикалық маңызы бар 1,5 мың шақырым жолда шектеулер енгізілген. Осыған байланысты қазіргі уақытта біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елдімекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ! Жолда сақ болыңыздар! - деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға