Жаңалықтар

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні

15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Фото: El.kz 15.05.2024 07:30 1057

Аталған дата 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының шешімімен бекітілген болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал 1994 жылы Отбасы күні алғаш рет атап өтілді. Бұл күнді белгілеудің себебі түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған екен.

БҰҰ сарапшыларының пікірі бойынша, бір отбасындағы негізгі құқықтарға көз жұма қарау, ондай проблемаларды елемей, құқықты белден басу – тұтастай адамзаттық отбасына да қауіп төндіре түседі.

Бұл күнді белгілеу әлемдік қауымдастықтың отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асып отыр.

Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға