Жаңалықтар

14 маусымға арналған ауа райы болжамы

14 маусымға арналған ауа райы болжамы
14.06.2022 09:56 1718

Синоптиктер маусымның 14-і күнгі күн райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды El.kz порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың ықпалында болады. Соған байланысты күн райы құбылмалы болады, найзағаймен бірге жаңбыр жауады, сонымен бірге бұршақ жауып, дауыл тұрады, еліміздің оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, күндіз солтүстік-шығысында, шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Алматы облысында найзағай ойнайды, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман болады. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, күндіз орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, күндіз желдің жылдамдығы секунына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, желдің жылдамдығы секунына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз батыста, оңтүстігінде найзағай ойнайды. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауылмен бірге жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус аптап ыстық болады.Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға