14 қазан – Бүкіл әлемдік стандарттау күні
Біздің елдегі стандарттаудың дамуы өлшем мен салмақтың өлшем жүйесі енгізілгеннен бастау алды. 1925 жылы стандарттау бойынша орталық орган - Еңбек және Қорғаныс Кеңесі жанындағы стандарттау жөніндегі комитеті құрылды. Комитеттің негізгі жұмыстары ведомствалық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру және стандарттарды бекіу мен оларды жариялау болды. Стандарттардың ЖО*С (жалпыодақтық стандарт) дәрежесі енгізілді. 1926 жылы комитет ең бірінші рет бидайдың селекциялық сортына, шойынға, қара металлды өңдеуге және халық тұтынатын басқа да тауарларға арналған жалпыодақтық стандарттарды әзірледі.
Стандарт – бұл көрсеткіштерді орнатып жүйелейтін құжат, демек талаптар мен көрсеткіштер жоғары болған сайын сапалы да қауіпсіз өнім боламақ. Сонымен үйлесімділік деңгейі туралы айтқанда, біз жоғары сапа деңгейі мен сапаға қойлатын жоғары талаптар туралы айтамыз.
Нормативтік базаны құру көмегімен инновация аясындағы мемлекеттік саясатты құру мен оны дамыту барысында мемлекеттік ғылыми техникалық мүмкіндіктерді ғылымның, өнеркәіптердің, денсаулық сақтау, білім және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қолдануды, инновациялық технологияларды стандарттау аясында дамыту.
Қатаң бәсекелктік жағдайында көптеген кәсіпорындар нарықта өз ұстанымдарын орнатып қана қоймай, ИСО стандарттарын қолдана отырып сапалы дамудың жаңа белестеріне де өтеді. ИСО (Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым) халықаралық стандарттарды дайындаумен және жариялаумен айналысатын әлемдегі ең ірі ұйымдардың бірі болып табылады. Ол 163 елдің стандарттау жөніндегі ұлттық стандарттар жүйесін біріктіреді.
Қазіргі таңда, ИСО стандарттары әлемнің барлық экономикалық дамыған мемлекеттерінде сапа саласында енгізілген. Олардың негізгі тұжырымдамалары ұйымдардың сапасын басқару жүйесіне талаптар мен ұсынымдарға қорытындыланады. ИСО моделінің негізгі бір ерекшкліктерінің бірі әмбебептығымен де тұжырымдалады: мысалы стандарттар нақты бір өнімге/қызметке емес жалпы басшылыққа бағытталған, олардың саласына қарамастан кез келген ұйымдарда қолдануға болады.
Бүгінде сертификатталған СМЖ бар көптеген компаниялар өз бәсекелестерінен де ИСО 9000 сәйкестік сертификатының болуын талап етеді. ИСО 9000 стандарт талаптарымен орнатылған сәкестік сертификаты бар ұйымдар өздерімен қызметтес болғысы келетін компаниялар қатарының тізімін айтарлықтай ұлғайтуда. ИСО 9000 халықаралық стандартымен бірге кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен өнімді сатуда жаңа нарықтар ашу мақсатында ИСО 13485 сияқты стандарттар енгізіле бастады. ИСО 13485 – халықаралық деңгейде мойындалатын медициналық техникаларды өндіре алатын және тұтынушылар мен нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес дему қызметтерін көрсете алатын ұйымдаға енгізілетін сапа жүйесіне арналған стандарт.
ИСО 9001 стандарты тасымалдаушылармен қарым – қатынасқа жол ашады. Ол ұйымдардың тасымалдаушлар таңдауына өз өнімдерінің негізінде ғана емес шығарылған өнімдердің расталған сапасын да талап етеді. Сапа менеджменті жүйесінің негізінде ИСО 9001 талаптарына сәйкес міндетті құжаттамалар жатыр.
Сапа менеджменті жүйесінің ИСО 9000 және ИСО 9001 стандарттарын нұсқаулыққа ала отырып, басшылар өте жоғары дәрежеге жету үшін техналогиялық және бизнес процестерін қалай басқару жолдарын түсінеді.
Тауар мен қызмет нарығында өркениетті жұмыс жасайтын, өз бизнесінің бүгіні мен ертеңіне қамқор қызметкерлер, стандарт – ол нарыққа бастар жолды реттейтін бәсекелестіктің құралы мен нарықтық экономика құжаты деп еркін айта алады. Тақырыппен толығырақ танысамын деушілерге ғаламтор желісі арқылы ЕЭК сайтына немесе Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты сайтына кіріп электронды нұсқасын ала аласыздар. Біздің толық мекенжайымыз: Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі 11 үй, Эталон орталығы ғимараты. Байланыс телефондары: 27-07-43, 27-07-44 Email: gosnadzor_astana@mail.ru.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ТРМК
Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы:
Жақсылықов Сабыржан Сейтқасымұлы