Жаңалықтар

14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Батыс, шығыс өңірлерде әлі де циклон мен атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауып, батыста найзағай жарқылдайды.
14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден 14.09.2022 08:47 1141

Қазгидромет 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауқымды әрі суық антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайтынын, түнде тұман және үсік жүретінін мәлімдеді, деп хабарлайды EL.KZ.

Батыс, шығыс өңірлерде әлі де циклон мен атмосфералық фронт әсерінен жаңбыр жауып, батыста найзағай жарқылдайды.

Қазақстанның басым бөлігінде жел екпіні – 15-20 м/с, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста екпіні – 23-28 м/с жетеді, күндіз батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында 2-3 градус үсік жүреді.

Қостанай, Ұлытау, Абай облыстарының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс бағыттардан соғатын жел күші - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +22+24°С болады.

Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +28+30°С болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға