«14 сәуір тойы болуы керек еді». Құлсарыда қаза болған жігіт туралы тың ақпарат айтылды
Фото: коллаж El.kz
Фото: коллаж El.kz
15.04.2024 11:38
2071
Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында 6 сәуірде әкесімен бірге жоғалып кетіп, денесі табылған 24 жастағы жігіт туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде марқұм болған жас жігіт 14 сәуірге үйлену тойын белгілеп қойғандығын мәлімдеді.
Су басқан үйін қарауға шыққан әкесі мен баласын іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің 39 жеке құрамы, 1 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылған.
Олардың денесі өз үйлерінен бір шақырым жерден, 1,5 су астынан табылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға