14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет мәліметінше, 14 қарашада еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфера фронттарының әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында жаңбыр, солтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанды.
Қазақстанның оңтүстік-батысында тұман, жел күшейеді және шаңды дауыл болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +5+7°C.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +8+10°C.
Шымкентте аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +16+18°С.
