14 наурыз – Көрісу күні

Фото: Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
14.03.2025 09:03
225
Бүгін елімізде Көрісу күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін елімізде Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі бастау алды.
«Амал мерекесі» қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.
14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады.
Бұл күні адамдар бір-бірімен сағынышпен көрісіп, мейірімімен бөліседі.
Бөлісу:
