Жаңалықтар

13 тамыздағы оқиғалар тізбегі

Бүгін - Тунисте Әйелдер күні; - Жапонияда Обонның басы, өлген адамдарды еске алу күні. - Халықаралық солақайлар күні;
13.08.2014 03:53 5011

Бүгін

- Тунисте Әйелдер күні;

- Жапонияда Обонның басы, өлген адамдарды еске алу күні.

- Халықаралық солақайлар күні;

13 тамыздағы оқиғалар тізбегі 

Әлемдегі ең танымал солақайлар

Саясат саласында: Гай Юлий Цезарь, Александр Македонский, Жанна Д'Арк, Наполеон Бонапарт, Отто Бисмарк, Бенджамин  Франклин, Уинстон Черчилль, президент Форд, Рональд Рейган,  Джорж Буш, Билл Клинтон, Фидель Кастро, Махатма Ганди, Биньямин Нетаньяху, Коллин Пауэл, Альберт Гор, королева Виктория, Барак Обама;

Ғылым саласында: Леонардо да Винчи, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Никола Тесла, Генри Форд, Билл Гейтс, Рокфеллер, Гарри Каспаров, Нэйл Армстронг;

Суретшілер: Рафаэль (Раффаэлло Санти, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, Альбрехт Дюрер, Огюст Роден, Питер Пауль Рубенс, Анри Тулуз-Лотрек

Актерлер: Чарли Чаплин, Мэрилин Монро, Джим Керри, Том Круз, Роберт Де Ниро, Дэвид Духовный, Анжелина Джоли, Мила Йовович, Николь Кидман , Джулия Робертс, Брюс Уиллис, Сильвестр Сталлоне, Дрю Берримор,  Деми Мур, Вин Дизель, Киану Ривз, Хью Джекман, Бен Стиллер, Мэттью Перри, Пирс Броснан, Скарлетт Йоханссон, Сара Джессика Паркер, Джессика Альба

Сазгерлер: Никколо Паганини , Людвиг Ван Бетховен, Вольфгант Амадей Моцарт, Фредерик Шопен, Роберт Шуман , Сергей Рахманинов, Сергей Прокофьев, Энрике Карузо, Пол Маккартни, Стинг

Жазушылар: Аристотель, Фридрих Ницше, Франц Кафка, Ганс Христиан, Андерсен, Александр Пушкин, Лев Толстой, Владимир Даль, Льюис Кэрролл, Герберт Уэллс, Марк Твен, Джеймс Кэмерон

 

13 тамыз оқиғалары:

- 1521 ж. - Эрнан Кортес ацтектердің астанасы  Теночтитланды (қазіргі Мехиконы) жаулап алды;

- 1672 ж. - Кристиан Гюйгенс Марстың Оңтүстік полюсінен мұзды қабатты тапты;

- 1899 ж. – америкалық өнертапқыш Уильям Грей телефон-автоматты патенттеген;

- 1912 ж. - француз дәрігері Г. Один әлемде алғаш болып обырдан вирусты бөліп алғанын хабарлайды;

-  1932 ж. - Маркони Рим қаласында қысқатолқынды радионы сынақтан өзкізеді;

- 2002 ж. – атақты хирург Ренат Акчурин Мәскеуде жүректі тоқтатпай-ақ ота жасауға мүмкіндік беретін бірегей құрылғыны ұсынады.

 

Бұл күні туылғандар:

- 1814 ж. 13 тамызда –швед физигі, астроном Андерс Йонас Ангстрем (1874 ж) дүниеге келген. Ол Күн атмосферасында сутегінің бар екенін анықтап, спектроскопияның негізін қалайды.

- 1819 ж. – ағылшын математигі әрі физигі Джордж Стокс (1903ж) дүниеге келген.

- 1829 ж. – физиолог, еңбек физиологиясының негізін қалаушы Иван Михайлович Сеченов (1905ж) туылған;

- 1844 ж. – швейцариялық ғалым Иоганн Фридрих Мишер (1895ж) дүниеге келген. Ол нуклеин қышқылдары – ДНК мен РНК-ны ашқан адам;

- 1872 ж. – неміс химигі Рихард Вильштеттер (1942ж) дүниеге келді. Ол 1915 жылы химия саласы бойынша «өсімдік әлеміндегі бояуыш заттарды, әсіресе хлорофиллді зерттегені» үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанды.  

 

13 тамыз күні дүниеден озған адамдар:

- 1799 ж. – архитектор, орыс классицизмінің негізін қалаушы Василий Иванович Баженов;

- 1881 ж. – итальян химигі, коллоидтік химияның негізін салушы Франческо Сельми (Francesco Selmi);

-  1900 ж. – орыс философы, ақын, публицист, әдебиет сыншысы, орыс философиясы мен поэзиясының дамуына айрықша үлес қосқан қайраткер Владимир Сергеевич Соловьёв;

- 1912 ж. – француз композиторы, «Манон», «Вертер», «Таис», «Сафо» сынды лирикалық опералардың авторы, Париж консерваториясының профессоры Жюль Массне;

- 1917 ж. – неміс химигі Эдуард Бухнер;

- 1946 ж. – ағылшын жазушысы-фантаст Герберт Уэллс («Әлемдер соғысы», «Уакыт машинасы», «Көрінбейтін адам»).

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға