«13 жыл күттік». Блогер Елдос «колобок» жақсы жаңалығымен бөлісті
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
23.01.2025 15:57
203
Блогер Елдос Кәдірханов туған күнінде оқырмандарына жақсы жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында бөлісті.
Аллаға сансыз шүкір! Енді тек дұғада болыңыздар. Алла қаласа тағы да сүйінші сұрасын деп тілеңіздер. Қаншама нәтижесіз операция өткіздім, қаншама дәрі іштім, масқара шығындалып, 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен ұялмаймын осыны айтудан, себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасылар бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Аллаға шүкір!, - деп бөлісті ол.
Желі қолданушылары блогерге ізге тілектерін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға