13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
13.12.2022 09:09
1105
13 желтоқсан Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың тек солтүстігі мен шығысында әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын сақталады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Бөлісу:
