13 шілде – Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні
Бүгін, 13 шілде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1992 жылы 13 шілде күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) құрылды.
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесін - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, ҰҚК-нің облыстар бойынша, республикалық маңыздағы қала мен елордадағы аймақтық органдары, оларға бағынышты қалалық және аудандық басқармалар (бөлімдер, бөлімшелер), сондай-ақ әскери контрбарлау, ҰҚК-нің «Барлау» қызметі, ҰҚК-нің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы құрылымдар, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге де ұйымдар құрайды.