13 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет 28 қазан күні бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz.
Алматы облысының таулы, тау етегіндегі аудандарында тұман, облыстың солтүстігінде және шығысында 15-20 м/с солтүстік-батыс желі күтіледі. Алматы қ.: 28 қазан түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, күндіз облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Астана қаласында түнде тұман, көктайғақ болжанады.
28 қазанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Павлодар облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20 м/с сақталады.